АЛМАТЫ. 11 қаңтар. Qyzdar Ýnıversıteti – Қаңтар айының 16-18 күндері аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Денсаулық» спартакиадасы өтеді. Осымен бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған дәстүрлі жарысқа оқу орнының профессор-оқытушылары мен қызметкерлері қатысады.

Сайыстың мақсаты – оқу орны ұжымының денсаулығын нығайту, спорттық шеберлігін шыңдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру. 

Спорттың арқан тарту, тоғызқұмалақ, волейбол, шахмат, үстел теннисі және жүзу сияқты алты түрінен өткен бәсекеге 10-ға жуық команда қатыспақ. Атап айтқанда жарыс кезеңдерінде факультеттер мен құрылымдық бөлімдердің ұжымынан құралған командалар бақтары мен баптарын сынайды.

– Азаматтардың денсаулығын нығайту – маңызды мақсаттың бірі. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында дене шынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттігіне басымдық берген болатын. Бүгінде осы бағытта ауқымды мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Сонымен қатар жалпы білім беретін орта мектепте жан-жақты, дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіліп отыр. Бүгінгі жас ұрпақтың білімді де білікті, сапалы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына тікелей байланысты. Сондықтан да болашақ педагог мамандарды даярлайтын ұжымның алдында тұрған басты мәселенің бірі – салауатты өмір салтын насихаттау, – дейді шара ұйымдастырушылары.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.