АЛМАТЫ. 14 қаңтар. Qyzdar Ýnıversıteti – 2019 жылғы 7 – 11 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

08.01.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Жандар Асанның авторлық мақаласы.

09.01.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына сұхбат берді. Оқу орнының басшысы сұхбат барысында Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында қарастырылған жоғары білім беруге қатысты, педагог мәртебесі жайында айтты.

10.01.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің Кәсіптік білім кафедрасының профессор-оқытушылары жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласындағы бірнеше мектепте жиын өткізді.

11.01.2019 Қаңтар айының 16-18 күндері аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Денсаулық» спартакиадасы өтеді. Осымен бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған дәстүрлі жарысқа оқу орнының профессор-оқытушылары мен қызметкерлері қатысады.

11.01.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімдері мен факультеттерінің ақпараттық-имидждік жарияланымдары бойынша желтоқсан айының рейтингісі жасалды.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.