Извините, этот техт доступен только в “KZ”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АЛМАТЫ. 3 сәуір. Qyzdar Ýnıversıteti – «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы». Осындай атаумен отандық білім мен ғылымның қарашаңырағы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Қазақстан жас ғалым-педагогтары Қауымдастығының бастамасымен 9-10 сәуір күндері ұйымдастырылатын алқалы жиынға еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары және ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері қатысады деп күтілуде.

Жастар жылына орайластырылған кеңесте жас ғалымдар қазақ филологиясы және әлем тілдері, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, ақпараттық технологиялар, математика, физика, педагогика және психология, химия, биология, география, экология, өнер және мәдениет бағыттары бойынша ғылыми жаңалықтары мен ізденістерін көпшілік назарына ұсынбақ.

Сонымен қатар шара аясында Education and Scientific Talks ұйымдастырылады.

Конференция соңында ғылыми жобасы үздік деп танылған жас ғалымдар марапатталмақ.

Айта кетейік, былтыр Қазақстан жас ғалым-педагогтары бірінші республикалық слеті қарсаңында отандық жас ғалым-педагогтардың Қауымдастығы құрылған болатын. Мақсат – мемлекет пен қоғам дамуына белсенді қызмет ететін, жаңаша тұрғыда ойлай алатын жас педагог-ғалымдарды біріктіру, олардың диалог алаңын құру.

Құрылтайшысы Қыздар университеті болып табылатын ұйым бүгінде бірнеше жобаларды жүзеге асыруда.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.