Извините, этот техт доступен только в “KZ”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АЛМАТЫ. 11 сәуір. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Соңғы жылдары отандық білім мен ғылымның қарашаңырағы – Қыздар университеті әлеуеті биік, жаңашыл идеялары бар еліміздегі жас ғалымдарды қолдап-қуаттау бағытында бірқатар игілікті істерді жүзеге асырып келеді. Қазақстан жас ғалым-педагогтары Қауымдастығының бастамасымен осымен 72-ші рет ұйымдастырылған бұл жиын да сол үлгілі үрдістің жалғасы іспеттес.

Университеттің 75 жылдығы мен Жастар жылы қарсаңында өткен алқалы басқосуға еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары және ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, кеңеске 20-ға жуық қазақстандық жоғары оқу орнынан 200-ден астам жұмыс келіп түскен.

Жиында жас ғалымдар «Strength of language», «Capacity of social science», «Information learning and STEM», «Efficiency of teaching», «Natural science», «Culture and ART» және «E-S Talks» бағыттары бойынша ғылыми жаңалықтары мен ізденістерін көпшілік назарына ұсынды. Аталған бағыттарда қазақ филологиясы және әлем тілдері, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, ақпараттық технологиялар, математика, физика, педагогика және психология, химия, биология, география, экология, өнер және мәдениет салалары қамтылған.

Сонымен қатар шара аясында стендтік баяндамалар көрмесі ұйымдастырылып, жас иноваторлардың жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды.

Конференция соңында Қазақстан жас ғалым-педагогтары Қауымдастығының төрағасы Мөлдір Абдраймова сөз сөйлеп, ғылыми жобасы мен баяндамасы үздік деп танылған бірқатар ізденушіге диплом табыстады.

Айта кетейік, былтыр Қазақстан жас ғалым-педагогтарының бірінші республикалық слеті қарсаңында отандық жас ғалым-педагогтардың Қауымдастығы құрылған болатын. Мақсат – мемлекет пен қоғам дамуына белсенді қызмет ететін, жаңаша тұрғыда ойлай алатын жас педагог-ғалымдарды біріктіру, олардың диалог алаңын құру.

Құрылтайшысы Қыздар университеті болып табылатын ұйым бүгінде бірнеше жобаны жүзеге асыруда.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.