ӨСКЕМЕН. 2 мамыр. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 3-курс студенттері «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша өткен республикалық пән олимпиадасында 2-орынға ие болды.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында ұйымдастырылған білім сайысына еліміздің 25 жоғары оқу орнының студенті қатысты. Қатысушылар таныстыру, жоба қорғау, эссе жазу және тест тапсырмаларын орындау сияқты кезеңдер бойынша білімі мен біліктілігін сарапқа салды.

Олимпиада барысында Қыздар университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алатын Жансая Айдар, Нұрай Әміреқұл және Анар Кенганова  аталған пән бойынша теориялық және практикалық білім деңгейін паш етіп, жоба қорғауда ғылыми-инновациялық заманауи жаңашыл әдістерді ұсынды. Сайыс қорытындысы бойынша олар екінші орынға лайық деп танылды. Сонымен қатар Анар Кенганова әдеби-теориялық білімі үшін екінші орынға ие болды.

Топ жетекшісі, Қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Болатхан Сарбасов пен команда мүшелері С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының «Алғыс хатымен» марапатталды.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.