АЛМАТЫ. 2 мамыр. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінде «Жоғары педагогикалық білім беруді жетілдірудің заманауи трендтері» тақырыбында Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Басқосуда «Жаңартылған мазмұндағы мектепке дейінгі білім беру бойынша кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері», «Жоғары оқу орындарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында мамандарды даярлаудың мәселелері», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысын әдістемелік қамтамасыз ету үшін «Алматыкітап баспасының» қызметі туралы» мәселелер кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар жиын қатысушылары «Бастауыш сыныпта пәндік оқытудың тәжірибелері», «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеудің мәселелері мен перспективалары» және «Болашақ әлеуметтік педагогтардың зерттеу әдіснамасы саласындағы құзыреттерінің жүйесі» тақырыптарында өз ойларымен бөлісіп, пайымды ұсыныстарын айтты.

Жоғары оқу орындарының басшылары мен профессор-оқытушылары педагогикалық білім беруді жетілдірудің басты трендтеріне жете тоқталып, шешімдерді кеңес резолюциясына енгізді.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.