АЛМАТЫ. 4 мамыр. Qyzdar Ýnıversıteti – Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университетінің профессоры Сефа Ертурк Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ақпараттық технологиялар кафедрасының студенттеріне дәріс оқыды.

Шетелдік ғалым «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алатын жастармен кездесуінде программалау тілінің тарихына тоқталып, «С++» программалау тіліне қатысты тың ақпараттармен бөлісті.

Сондай-ақ С. Ертурк аталған кафедраның оқытушыларына «Development of Computer Languages and «C++» Programming language» тақырыбында семинар жүргізді. Басқосуға қатысушылар түркиялық маманға тақырыпқа орай өз сауалдарын қойып, толық жауаптар алды.

Жиын соңында Сефа Ертурк Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Нийде Өмер Халисдемир университеті арасында өзара ынтымақтастық қарым-қатынас артып келе жатқандығын айтып, бұл қос жоғары оқу орындарының тәжірибе алмасуына тың серпін беретіндігіне тоқталды. Және де ол алдағы уақытта университет ұстаздарымен бірлесіп ғылыми-шығармашылық жұмыстар жасауға ниетті екендігін жеткізді.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.