АЛМАТЫ. 4 мамыр. Qyzdar Ýnıversıteti – Түркияның Еге университетінің профессоры Фикрет Туркмен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына түркі халықтарының әдебиеті турасында дәріс оқыды.

Шетелдік ғалым «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алушыларға әдебиет теориясы мен методикасы, халықаралық мақалалар жазу принципі және түрік және қазақ халық ауыз әдебиеттеріне ортақ мұралар турасындағы келелі ойларымен және тың мәліметтерімен бөлісті. Жиынға қатысушылар ғалымға аталған мәселелер төңірегінде өз сауалдарын қойып, толыққанды жауаптар алды.

Басқосу соңында Фикрет Туркмен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Еге Университеті арасындағы ынтымақтастық байланыстың артып келе жатқандығын тілге тиек етті. Оның пайымдауынша, әріптестік қарым-қатынастар қос жоғары оқу орнының өзара тәжірибе алмасуына тың серпін береді.

Айта кетейік, Фикрет Туркмен Қазақстан білім академиясының академигі, Қырғызстанның Шыңғыс Айтматов атындағы академияның академигі, Әзірбайжан мемлекеттік университеті мен Қырғызстанның Шу университетінің құрметті профессоры.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.