БІШКЕК. 8 мамыр. Qyzdar Ýnıversıteti – Ж. Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университетінде «Бастауыш білім беру мамандықтары» бойынша өткен халықаралық пәндік олимпиадада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің студенттерінен құралған «Жарық жұлдыз» командасы бірінші орынға ие болды.

Атап айтқанда, тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған білім сайысына Қыздар университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алатын студенттер қатысып, 5 кезең бойынша бақ сынады.

Сайыскерлер олимпиада барысында өз топтарын таныстырып, үй тапсырмасын орындады. Сабақ өткізіп, жобаларын қорғады. Сондай-ақ тест сұрақтарына жауап беріп, білімдерін сарапқа салды.

Жарыс кезеңдерінде оқу орнының студенттері барлық сыннан сүрінбей өтіп, жоғары көрсеткішке ие болды. Нәтижесінде I-дәрежелі дипломмен марапатталып, бірінші орынға лайық деп танылды.

Айта кетейік, білім додасына Ж. Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университетінің «Стомеллон», Білім берудегі қазіргі ақпараттық технологиялар институтының «Жас қанат» және Қазнұр гуманитарлық колледжінің «Рухани сәуле» командалары қатысты.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.