АЛМАТЫ. 13 мамыр. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы мен студенттері «Ардагерлерді ардақтайық» атты әлеуметтік жоба аясында Алматыдағы Кеңес Одағының батырлары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, мерекелік концерт ұйымдастырды.

9-мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Жастар саясаты және әлеуметтік тәрбие бөлімінің бастама танытуымен өткен шарада Қыздар университетінің белсенді студенттері замандастарын батылдық пен ерліктің символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болған «Шығыстың қос шынарына» тағзым жасап, аты аңызға айналған арулардың ерлік жолдарына тоқталды. Сонымен қатар оқу орнының студенттері замандастарын білімді де өнерлі, талапты да талантты болуға шақырды.

Жоба аясында жастар ардагерлерлерді Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74 жылдығымен құттықтап, сый-сияпат көрсетті.

– Сіздердің жастық шақтарыңыз Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау, аумалы-төкпелі кезеңімен сәйкес келді. Соғыстан кейін де бүлінген шаруашылықты  қалпына келтіріп, елдің еңсесін қайта көтеруге үлкен үлес қостыңыздар.  Сіздер қиындық пен ауыртпалықтың барлығын абыроймен жеңе білдіңіздер.  Сол үшін де баршаңызға шын жүректен алғысымызды білдіреміз, – деп атап өтті Қыздар университетінің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жаңагүл Сұлтанова.

Тағылымды шарада департамент қызметкерлері оқу орнында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы айта келіп, қарт адамдарға көрсетілер құрметтің толастамайтындығын жеткізді. Өз кезегінде қариялар игілікті іске ұйытқы болған университет ұжымына алғыстарын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.