АЛМАТЫ. 13 мамыр. Qyzdar Ýnıversıteti – 2019 жылғы 1 – 10 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

01.05.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова оқу орнының ұжымы мен студенттерін Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

02.05.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 3-курс студенттері «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша өткен республикалық пән олимпиадасында 2-орынға ие болды.

02.05.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ақын, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маралтай Райымбекұлының шығармашылық кеші өтті.

02.05.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінде «Жоғары педагогикалық білім беруді жетілдірудің заманауи трендтері» тақырыбында Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

02.05.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің студенттері «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәні бойынша жобаларын қорғады.

03.05.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «El-ana» жастар руханият және білім орталығы ашылды.

04.05.2019 – Түркияның Еге университетінің профессоры Фикрет Туркмен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына түркі халықтарының әдебиеті турасында дәріс оқыды.

04.05.2019 – Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университетінің профессоры Сефа Ертурк Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ақпараттық технологиялар кафедрасының студенттеріне дәріс оқыды.

06.05.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Отан қорғаушылар күні мерекесі кеңінен аталып өтті.

06.05.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова оқу орнының ұжымын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

08.05.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану факультеті оқу орнының талантты, шығармашыл студенттерімен бірлесе отырып, «7 жаңа туристік маршрут» жобасын қолға алды.

08.05.2019 – Ж. Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университетінде «Бастауыш білім беру мамандықтары» бойынша өткен халықаралық пәндік олимпиадада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің студенттерінен құралған «Жарық жұлдыз» командасы бірінші орынға ие болды.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

 

 

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.