ТҮРКИЯ. 3 маусым. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану факультетінің 2-курс докторанттары Мереке Қасымбекова мен Жадыра Әшірова Түркияның Ақдениз университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

«Биология» мамандығының докторанттары аталған оқу орнының Ғылым факультетінің Ботаника кафедрасында профессор Ахмет Ақсойдың жетекшілігімен іс-тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жасады.

Зертханалық жұмыс барысында докторант Жадыра Әшірова шөлді жерлерде өсетін жантақ, күміс қоянсүйек және ақ шеңгел сынды өсімдіктер түрлерінің  сабағы мен жапырағының анатомиялық ерекшеліктеріне бақылау жасаса, Мереке Қасымбекова жиделер тұқымдасы  түрлерінің тамыры, сабағы мен жапырағының анатомиялық ерекшеліктерін жаңа парафиндік әдіс бойынша микротонмен жұмыс жасады. 

Алынған нәтижелер докторлық диссертацияларға енгізілді. Алдағы уақытта зерттеу қорытындысы туралы «Biological Features of Medicinal Plant Elaeagnus rhamnoides Growing at South-East of Kazakhstan» тақырыбында мақала жарық көрмек. Жас ғалымдар оны түркиялық профессормен бірлесіп жазды.

Сондай-ақ Қыздар университетінің докторанттары Ахмет Ақсойдың «Ботаника» пәнінен жүргізілген дәрістеріне қатысып, Түркияның жоғары білім беру жүйесінде қолданылатын әдістермен танысты.

Айта кетейік, Ақдениз университетінің профессоры былтыр Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «The morphology and anatomy of medicinal plants» тақырыбында 72 сағаттық дәріс жүргізген болатын.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.