Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 4 маусым. Qyzdar Ýnıversıteti 2019-2020 оқу жылына жалпы жиыны 69 256 грант бөлінбек. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Мұндай шешімді құрамына Парламент депутаттары мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары, мемлекеттік органдар және жоғары оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін  ведомствоаралық жұмыс тобы қабылдаған. 

«2019-2020 оқу жылына жалпы жиыны 69 256 грант бөлінбек. Оның ішінде бакалавриатқа – 53 785 грант, магистратураға – 13159 грант, PhD докторантураға – 2312 грант бөлінді. Биылдан бастап білім беру гранттары білім беру бағдарламаларына тағайындалады. Бакалавриатта – 97 білім беру бағдарламасы, магистратурада – 154 және докторантурада – 150 білім беру бағдарламасы бар. Оқуға түскен грант иегері солардың бірін таңдауы керек», – делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti