АЛМАТЫ. 10 маусым. Qyzdar Ýnıversıteti – 2019 жылғы 3 – 7 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

03.06.2019 – Білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу аясында Сыртқы сараптау комиссияларының материалдарын қарау бойынша Аккредиттеу кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын жұмысының қорытындысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті халықаралық институционалды реаккредиттеуден 5 жыл мерзімге өтті.

03.06.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану факультетінің 2-курс докторанттары Мереке Қасымбекова мен Жадыра Әшірова Түркияның Ақдениз университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

04.06.2019 – 2019-2020 оқу жылына жалпы жиыны 69 256 грант бөлінбек. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

04.06.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 50 студенті биылғы «Жасыл ел» бағдарламасының жазғы маусымы кезінде еңбек етеді.

06.06.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Qyzdar Ýnıversıteti» республикалық қоғамдық-саяси жастар газетінің кезекті саны жарық көрді.

07.06.2019 – Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) өткізілу форматына қатысты ешқандай өзгерістер болмағанымен, білім беру гранттарын бөлу үрдісіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.