АЛМАТЫ. 3 шілде. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ең байырғы білім ошақтарының бірі – Жаратылыстану факультетінің түлектері үлкен өмірге жолдама алды. Биыл факультетті 201 студент бітірді. Олардың 37-і үздік диплом иегері.

Салтанатты жиында факультет деканы Қажымұқан Кішібаев «ұстаздар ұстаханасы» атанған университеттің 75-ші түлектерінің асқақ армандарының орындалуына тілектестігін білдіріп, ізгі ниетін жеткізді. 

– Әр жоғары оқу орнының жұмысының көрсеткіші – түлектері. Түлектерінің еңбек жолындағы табыстары – оқу орны үшін зор мақтаныш. Осы орайда Қыздар университетінің бітірушілері қоғамның барлық саласында белсенді еселі еңбек етіп, алдыңғы қатардан көрініп келеді. Өз ісінің шебері атанып, туған білім ордасының дәрежесін көтеріп жүрген барша түлектерімізге үлкен алғысымызды жеткіземіз. Сіздер де алдыңғы буын сияқты еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестеріңізді қосатындарыңызға сеніміміз кәміл. Жолдарыңыз болсын! – деді ол өз сөзінде.

Айта кетейік, бүгінде Жаратылыстану факультетінің 3 кафедрасы 8 бакалавриат, 4 магистратура және 2 PhD докторантура мамандығы бойынша ұстаздар даярлайды.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.