АЛМАТЫ. 3 шілде. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергеноваға алғыс білдірді.
«Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқаныңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін! Сайлау қорытындысын Елбасы саясатының лайықты жалғасы және сабақтастық, әділдік, өрлеу қағидаларына негізделген дамудың жаңа бағытына қолдау деп қабылдаймын. Алдымызда тұрған ауқымды міндеттерді абыроймен атқарамыз деп сенемін! Сізге зор денсаулық, табыс және сәттілік тілеймін!», делінген Қазақстан Республикасының Президентінің Алғыс хатында.
БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ
Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07
e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com
facebook: qyzdaryniversiteti
vkontakte: qyzdar_yniver
instagram: qyzdar_yniversiteti
youtube: qyzdar уniversiteti
Spelling error report
The following text will be sent to our editors: