АЛМАТЫ. 11 шілде. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 4-курс студенті Жібек Шахмарданқызы «Elbasyna arnaý» атты республикалық жас ақындар айтысында екінші орынға ие болды.

«Жастар жылы» аясында Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай өткен сайысқа еліміздің Алматы, Қызылорда, Шымкент және Семей қаласынан айтыскерлер қатысты.

Айтыс барысында ақындар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді дамыту жолындағы сіңірген сүбелі үлесін, тәуелсіздікті нығайтудағы ерен еңбегін, қайраткерлігі мен азаматтығын арқау етті.

– Айтыс өнері – қазақтың қанына сіңген бекзат өнер. Бабалардан қалған осы өнерге елеңдемейтін қазақ жоқ. Еңсе тіктеген баласынан еңкейген қариясына дейін суырып салма ақындарды тыңдаудан жалыққан емес. Осы орайда бекзат өнерді жанына серік еткен жастардың өрелі өнері мен өрнекті сөздері арқылы Тәуелсіздік мұраттары мен құндылықтарын Елбасы еңбегімен байланыстырып насихаттау, ел егемендігі жолындағы Назарбаевтың атқарған игі істерін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған жыр додасында нағыз жүйріктер анықталды, – дейді ұйымдастырушылар.

Айтыста Қыздар университетінің студенті орамды ойларымен, тапқырлығымен өзгелерден оқ бойы озып шығып, екінші орынға ие болды.

Жеңімпаздар Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың арнайы дипломымен марапатталды.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.