АЛМАТЫ. 8 тамыз. Qyzdar Ýnıversıteti Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті тамыз айының 5-10 аралығында көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасылардан шыққан 2019 жылғы түлектер үшін Түркістан облысы әкімдігі тарапынан бөлінген әлеуметтік білім грантына құжаттар қабылдайтынын хабарлайды.  

Аталған білім гранты конкурстық негізде үлестірілетін болады. Бұл үшін арнайы конкурстық комиссиялар құрылады.

Конкурсқа қатысу үшін 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-да шекті балл жинау маңызды.

Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, «Педагогикалық ғылым» бағыты бойынша – кемінде 60 балл жинау керек.

Конкурсқа құжаттар 5 мен 10 тамыз аралығында қабылданады.

Білім гранттарын тағайындау және жоғары оқу орындарына қабылдау 2019 жылдың 25 тамызына дейін жүргізіледі.

 Жоғары оқу орынының атауы    Білім беру бағдарламасы тобының коды Білім беру бағдарламалары тобының атауы 2019-2020 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі
1   Қазақ ұлттық қыздар педагогика лық университеті  В001 Педагогика және психология 5
2 В020 Арнайы педагогика мамандарын даярлау 15
3 В014 География мұғалімдерін даярлау 5
4 В015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау 10
5 В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау 25
                                                                                         Барлығы 60

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде білім алуға Түркістан облысы бойынша қабылдау комиссиясы келесі мекенжайда орналасқан:

М.Әуезов атындағы Оңтүстік  Қазақстан мемлекеттік университеті,  Шымкент қ. Тәуке хан даңғылы, 5

Байланыс тел.: 8 (707) 976- 10- 90 Бану.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,  Түркістан қ., Байтұрсынов көш., 1.  Байланыс тел.: 8(777) 155- 21- 93 Орал.

 

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.