АЛМАТЫ. 9 тамыз. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенованың Facebook және Instagram желілерінде ресми парақшалары ашылды.

«Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір әкімдеріне, түрлі деңгейдегі басшыларға жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырған болатын. Осы орайда Facebook пен Instagram желілерінде өз парақшамды ашу ең алдымен жұмыс бабымен қажеттілік туғызғандығын атап өткен жөн. Ақпараттық ашықтық баршаңызға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар болумен қатар өз пікірлеріңізді айтуға да мүмкіндік береді», – деп жазады оқу орнының басшысы.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

     

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.