АЛМАТЫ. 9 тамыз. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері арнайы іс-сапармен келді.

Сапар аясында шетелдік делегация оқу орнының қызметкерлерімен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, тараптар басқосуда болашақ серіктестік, ынтымақтастықтың мүмкін бағыттары, адам құқығы, әйелдер мен қыздардың әлеуетін арттыру және мүмкіндіктерін кеңейту сондай-ақ, интернет кеңістігінде ақпаратты тарату жайын қаузады.

Кездесуге Қыздар университетінің Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Лаззат Булебаева, Ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі департамент директоры Светлана Шакирова мен Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының қызметкерлері қатысып, тақырып төңірегінде ойларымен бөлісті. Өз кезегінде Нидерланд Корольдігі Елшілігінің Миссия басшысының орынбасары Нора Дессинг, Саяси мәселелер, адам құқығы және жобалар жөніндегі үйлестіруші Ирина Бучинская университет туралы толыққанды ақпаратпен танысып, бірлескен жобалық іс-шараларды жүзеге асыруға уағдаласты және осы тарапта арнайы шешім қабылдады.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

 

 

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.