АЛМАТЫ. 14 тамыз. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері арасында «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыру аясында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Жастар жылы аясында студенттерді әлеуметтік және қоғамдық – пайдалы қызметке кеңінен тартуға бағытталған «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы басталды.

Жоба аясында жоғары оқу орындарының студенттері ақшалай сыйақы алып, қоғамдық пайдалы жұмыс нәтижелері үшін академиялық кредиттерді қайта есепке ала алады.

Күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне келесі әлеуметтік студенттік кредит түрлері ұсынылады:

1) 20 сағат қызметі үшін 20 000 теңгеге кредит;

2) 50 сағат қызметі үшін 50 000 теңгеге кредит.

Студенттер волонтерлер ретінде балалар үйлерінде, қарттар үйлерінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді.

«Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске қосу ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған, ал оның тақырыптық модулі «Qazvolunteer.kz» волонтерлердің бірыңғай интернет платформасында орналасады.

Анықтама: Волонтерлердің бірыңғай интернет платформасы «Qazvolunteer.kz» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп әзірледі.

Онлайн-платформа qazvolunteer.kz волонтерлік қызметке қатысушылардың өзара іс-қимыл тетіктерін құруға, Қазақстанның волонтерлері мен волонтерлік ұйымдарының қызметін үйлестіруге, волонтерлік жобаларды (бағдарламаларды) акцияларды ақпараттық қолдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Платформада кез келген адам онлайн-тіркеуден өтіп, волонтерлік қызметке қоса алады.

Қазіргі уақытта платформада 1400 волонтер, 60-тан астам волонтер ұйымдары тіркелген.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

 

 

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.