АЛМАТЫ. 2 қыркүйек. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гаухар Алдамбергенова бірқатар республикалық телеарналарға сұхбат берді.

Оқу орнының басшысы «Хабар 24» және «Almaty» телеарналарына берген сұхбаты барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауына пікір білдірді.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл бағдарламалық құжат ел дамуын жаңа кезеңге бастап, әлеуметтің әлеуетін арттыруға тың серпін бермек. Жолдауда бүгінгі қоғамда өзекті мәселе болып табылатын мәселелер қозғалып, оны біржола шешудің механизмдері айтылды. Атап айтқанда, Президент білім беру, кәсіпкерлік, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жайында тың бастамаларды көтерді. Ол – тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол ашуға басты фактор болмақ», – деп атап өтті Қыздар университетінің ректоры.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

       

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.