АЛМАТЫ. 3 қыркүйек. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Telegram мессенджерінде чат-арнасы ашылды.

Қазіргі ең жедел ақпарат тарату құралы – әлеуметтік же­лілер. Осыған орай университеттің Telegram-да өз каналы қолданысқа енгізілді. Мақсат – оқу орны туралы кеңінен ақпарат тарату және қоғаммен кері байланысты арттыру. Каналда университет жаңалықтары, хабарландырулар мен өзге де деректер күнделікті қазақ, орыс тілдерінде сапалы фотолармен және бейне материалмен жарияланады.

Чат-каналға қосылу үшін Telegram қосымшасының браузерінде «qyzdar_yniversiteti» деп көрсету керек.

Айта кетейік, университеттің сондай-ақ Facebook, Instagram және Вконтакте желілерінде ресми парақшалары бар. Бүгінге дейін аталған желілерге жазылғандардың жалпы саны 5 мыңнан астам адамды құрайды.

Университеттің ресми парақшаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп отырады. Бұл – оқу орны туралы нақты әрі дұрыс ақпарат алуға септігін тигізеді.

Қазақ ұлтттық қыздар педагогикалық университетінің қызметі туралы қоғамды ақпараттандыру мақсатында оқу орнының ректоры Гаухар Алдамбергенова 2019 жылғы шілде айында Facebook, Instagram және Twitter желілерінде ресми парақшаларын ашты. Бүгінгі күнге дейін аталған желілерге жазылғандардың жалпы саны мыңнан астам.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.