АЛМАТЫ. 4 қыркүйек. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқу орнының ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында қолға алынған «Ғылыми бейсенбі» жобасының аясында ұйымдастырылатын семинар-тренинг сериясының ашылуы өтті.

Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі департаменті мұрындық болған жиынға Қыздар университетінің профессор-оқытушылары мен магистранттары қатысты.

«Магистрлік диссертация дайындау» тақырыбында өткен семинарда магистрлік диссертация дайындау және оны қорғаудың өзекті мәселелері бойынша нақты кейстер қарастырылып, басты назарға алынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәрістік бөлімнің интерактивті форматы оқу материалын меңгерудің қолжетімділігі мен жеңілдігін қамтамасыз етті. Ал рефлексия мен онлайн тестілеу меңгерген материалдарды бекітуге және сенімді кері байланыс алуға мүмкіндік берген.

– Өткен жылдың ақпан айынан бастау алған «Ғылыми бейсенбі» жобасында университет ғалымдары өз әріптестерімен идеялар мен ұсыныстарымен алмасады, өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынады. Бұл – ғылым мен техниканың әртүрлі салаларының сарапшылары, шетел басылымдарының өкілдері, халықаралық ғылыми дерекқорлар, қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен білім берудің жаңашыл практиктері сөз сөйлейтін алаң. Ал бүгінгі семинарды өткізудегі басты мақсат – университет жас ғалымдарының зерттеу дағдыларын  жетілдіру мен мақалаларды жариялау белсенділігін ынталандыру арқылы республикалық және әлемдік ғылыми кеңістіктегі интеграциясын қалыптастыру, – деп атап өтті департамент мамандары.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.