АЛМАТЫ. 6 қыркүйек. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Twitter желісінде ресми парақшасы ашылды. Онда оқу орны туралы ақпараттар, білім-ғылым саласындағы елеулі жаңалықтар мен маңызды хабарландырулар күнделікті қазақ және орыс тілдерінде жарияланбақ.

Қыздар университетінің баспасөз хатшысы – Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асанның айтуынша, басты мақсат – педагогикалық білім ордасы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғаммен байланысты арттыру.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырған болатын. Бүгінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің көпшілік көп шоғырланған желілерде ресми парақшалары ашылып, ол тұрақты әрі сапалы жүргізілуде. Бұдан өзге парақшаларға күнделікті мониторинг жүргізіліп отырады. Бұл – оқу орны туралы нақты әрі дұрыс ақпарат алуға септігін тигізеді, – деп атап өтті Жандар Асан.

Айта кетейік, университеттің сондай-ақ Facebook, Instagram мен Вконтакте желілерінде ресми парақшалары және Telegram мессенджерінде чат-арнасы бар. Қазіргі күнге дейін аталған желілерге жазылғандардың жалпы саны 5 мыңнан астам адамды құрайды.

Қазақ ұлтттық қыздар педагогикалық университетінің қызметі туралы қоғамды ақпараттандыру мақсатында оқу орнының ректоры Гаухар Алдамбергенова 2019 жылғы шілде айында Facebook, Instagram және Twitter желілерінде ресми парақшаларын ашты. Бүгінгі күнге дейін аталған желілерге жазылғандардың жалпы саны мыңнан астам.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.