Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 6 қыркүйек. Qyzdar Ýnıversıteti – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабырбаев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-курс студенттерімен кездесу өткізді.

«Бейімделу апталығы» аясында ұйымдастырылған алқалы жиынды оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Еркін Жұманқұлова ашып, жүргізіп отырды.

– 75 жылдық тарихы бар отандық жоғары білім берудің қарашаңырағы – Қыздар университетінің басты мақсаты – білікті, жоғары моральді және кәсіби қасиеттерді иеленген тұлғалар даярлау. Біз осы құндылықтарға сүйене отырып жұмыс жасаймыз. Бірегей білім ордасының тәрбие, оқу және ғылым үдерісінде әдептілік қағидаларын сақтау басты назарға алынған, – деді Еркін Жұманқұлова.

Өз кезегінде Данияр Сабырбаева жуырда құрылған департаменттің басты міндеті мен сыбайлас жемқорлықты алдын алу орайында қандай істер жүзеге асырылуы тиістігі турасында кеңінен әңгіме қозғады.

– Парасаттылық департаментінің алдына сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқық танымын қалыптастыру, әдептілікке және сатылмаушылыққа баулу, сондай-ақ агенттіктің жобаларын үйлестіру міндеттері қойылған. Қоғамның басты мәселесіне айналған жемқорлықты түбегейлі жоюға әр азамат саналы түрде үлес қосуы тиіс. Сонда ғана нақты нәтижеге қол жеткіземіз, – деп атап өтті департамент директоры.

Диалог форматында өткен жиында студенттер сауалдарын қойып, толық жауап алды.

Басқосу барысында Қыздар университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Қымбат Балажанова да сөз алып, оқу үдерісі, «Академиялық адалдық» тақырыптарында ақпарат берді.

Айта кетейік, бүгінде оқу орнында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты пән оқу бағдарламасына енгізілді. Аталған пән студенттердің саналы түрде және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастырады. Кездесуде жұртшылықтың жемқорлыққа қарсы дүниетамын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар да айтылды.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.