Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 9 қыркүйек. Qyzdar Ýnıversıteti – 2019 жылғы 2 – 6 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

02.09.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гаухар Алдамбергенова бірқатар республикалық телеарналарға сұхбат берді.

02.09.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылады.

02.09.2019 Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл бағдарламалық құжат ел дамуын жаңа кезеңге бастап, әлеуметтің әлеуетін арттыруға тың серпін бермек. Неге?

02.09.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 1-курс студенттеріне арналған «бейімделу апталығының» ресми ашылуы өтті. Білім күніне орайластырылып ұйымдастырылған шараға оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттер және олардың ата-аналары қатысты.

03.09.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің биылғы 1-курс студенттеріне арналған «Бейімделу апталығының» екінші күні білімгерлер семинар-тренингтерге қатысып, оқу орнының көрнекі нысандарымен танысты.

03.09.2019 «Бейімделу апталығы» аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова оқу орнының табалдырығын жаңадан аттаған 1-курс студенттерімен кездесті.

03.09.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Telegram мессенджерінде чат-арнасы ашылды.

04.09.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқу орнының ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында қолға алынған «Ғылыми бейсенбі» жобасының аясында ұйымдастырылатын семинар-тренинг сериясының ашылуы өтті.

04.09.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-курс студенттеріне арналған «бейімделу апталығы» жалғасуда. Іс-шараның үшінші күні қосдипломды білім беру мен академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы, кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісінің ерекшелігі жайында жиындар мен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Әдептілік» және «Академиялық адалдық» тақырыптарындағы кездесулер өтті.

05.09.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасының директоры Бақытжамал Бағашарова Грекия астанасы Афина қаласында өткен Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгреске қатысты.

05.09.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары мен білім алушыларының зерттеу дағдыларын дамытуға арналған бірегей жоба бастау алды.

05.09.2019 «Мемлекеттік тілдің жаңа белесі». Осындай атаумен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде тіл апталығы басталды. Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының ұйытқы болуымен қолға алынған іс-шара 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

06.09.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-курс студенттеріне арналған «бейімделу апталығы» аяқталды. Шараның соңғы күні «Ғылыми бейсенбі» жобасы туралы танымдық жиын мен «Ақылы оқу бойынша нені білу керек?» тақырыбында кездесу өтті. Сонымен қатар студенттердің кәсіподақ ұйымы құрылып, жастардың қатысуымен зияткерлік, ойын-сауықтық байқаулар мен жарыстар ұйымдастырылды.

06.09.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Twitter желісінде ресми парақшасы ашылды. Онда оқу орны туралы ақпараттар, білім-ғылым саласындағы елеулі жаңалықтар мен маңызды хабарландырулар күнделікті қазақ және орыс тілдерінде жарияланбақ.

06.09.2019 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабырбаев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-курс студенттерімен кездесу өткізді.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitterqyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.