Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 11 қыркүйек. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапхана ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады.

Жиынды кітапхана директоры Бақытжамал Бағашарова ашып, ел дамуындағы маңызды құжаттың басым бағыттарына тоқталып өтті.

– Жолдаудың негізгі бағыттары бұған дейін Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруға бағытталған. Мемлекет басшысының алғашқы Жолдауында әлеуметтік салаға ерекше басымдық беріліп отыр. Атап айтқанда, Президент: «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбек ақысы соңғы уақытта мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды», деп атап өтті. Мемлекет басшысының мәдениет саласындағы қызметкерлерді қолдауға ден қоюы көңіл қуантады. Бұл – қоғамның дамуына тың серпін береді деп ойлаймыз, – деді Бақытжамал Бағашарова.

Сондай-ақ басқосу барысында кітапхана қызметкерлері Жолдаудың «Заман талабына сай тиімді мемлекет», «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика», «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» және «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты басым бағыттары бойынша талқылаулар өткізіп, өз пікірлерімен бөлісті.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.