НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: БАЙҚАУ!
«Университеттегі рекреациялық демалыс аймақтарын безендіру. ТЫНЫҒУ, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ ОРЫНДАРЫ”.
Университет білім алушылары арасында оқу орнындағы демалыс аймағы үшін ең жақсы дизайн жобасына конкурс жарияланады. Демалыс аймағына Бас оқу ғимаратының 2,3,4 қабаттарында орналасқан өзін-өзі дамыту бұрыштары кіреді.
Қатысушыларды сабақтан тыс уақыттағы студенттердің өмірін ұйымдастыруға жаңаша көзқарас, қарым-қатынас пен өзін-өзі дамытуға арналған орын жасауға шақырамыз. Байқауды ұйымдастырушы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің әкімшілігі.
Байқаудың бас жүлдесін иеленген жұмыс аталған жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, жеңімпаз бағалы сыйлықпен марапатталады. Дизайн стилі (жиһаз, түрлі-түсті және көркемдік заттар) толығымен авторлардың қалауы бойынша жасалады.
Байқау жұмыстары 2019 жылдың 10-21 қазан аралығында қабылданады.
Жобаны strategу4020@gmail.com эл.поштасына жіберу керек.
Байланыс үшін: +7 727 237 00 20, +7 747 159 47 97
Стратегиялық даму және мониторинг бөлімі
БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ
Тел.: 8 (727) 247-00-07
e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com
facebook: qyzdaryniversiteti
vkontakte: qyzdar_yniver
instagram: qyzdar_yniversiteti
youtube: qyzdar уniversiteti
Spelling error report
The following text will be sent to our editors: