АЛМАТЫ. 4 қараша. Qyzdar Ýnıversıteti – 2019 жылғы 28 – 31 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.
28.10.2019 – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұргелді Уәли Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері мен жас ғалымдарына дәріс оқыды.
29.10.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің аға оқытушысы Ұлжан Алашабаева республикалық «Шапағат» байқауының жеңімпазы атанды. Ол дизайн саласы бойынша үздік деп танылған.
30.10.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінде «Студенттік шақ – қайталанбас ғажап сәт» атты студенттер қатарына қабылдау жиыны өтті. Биылғы оқу жылында факультетке 150 студент пен 4 магистрант түсті.
30.10.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әкімшілік және шаруашылық мәселелері жөніндегі проректоры Эрик Қалдановтың төрағалығымен оқу орнының 2019-2020 жылғы қысқы маусымға дайындық барысы туралы жиын өтті.
31.10.2019 – Мектеп бітірушілерін университетке тарту және оқу орнының қоғамдағы беделін арттыру орайындағы «Ашық есік күні» Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінде өз жалғасын тапты.
31.10.2019 – «Болашақ» бағдарламасының түлектері қауымдастығының бастамасымен қолға алынған «Біздің білім – біздің елге» акциясы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жалғасын тапты.
31.10.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде көрнекті ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Қалиевтің 90 жылдығына арналған «Заманауи этнопедагогика: тенденциялары мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ
Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07
e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com
facebook: qyzdaryniversiteti
twitter: qyzdar_yniver
vkontakte: qyzdar_yniver
instagram: qyzdar_yniversiteti
youtube: qyzdar уniversiteti
Spelling error report
The following text will be sent to our editors: