Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 5 қараша. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану факультетінде «Ғылым мен білімнің бүгіні мен ертеңі» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

«Биология» мамандығы бойынша білім алатын магистранттар мен докторанттар қатысқан жиында қазіргі білім беру жүйесіндегі оқытудың формалары мен әдіс-тәсілдері жайында кеңінен әңгіме өрбіді.

Семинар барысында бірқатар докторанттар, атап айтқанда, Бағила Жошыбекова «Жаңартылған білім бағдарламасы жағдайында генетика сабағын өткізу», Әсем Диғарбаева «Студенттердің ғылымға қызығушылығын зертханалық тәжірибелер арқылы қалыптастыру», Айман Құлбекова «Студенттердің өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясын қалыптастыру» тақырыптарында жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне тоқталып, жан-жақты ойларымен бөлісті.

Басқосу соңында факультет оқытушылары жас ғалымдарға сауалдарын қойып, ғылым мен білімді сабақтастыра отырып дамыту жолдары жайлы өзіндік пікірлерін айтты.

Айта кетейік, ғылыми семинардың өтуіне Биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, PhD Анар Қалиева мұрындық болды.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.