АЛМАТЫ. 8 қараша. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Академиялық бағдарламаларды әзірлеу» тақырыбында практикалық семинар өтті. Назарбаев Университетінің өкілдері ұйымдастырған жиынға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлері, оқу-әдістемелік кеңесінің жетекшілері қатысты.

Семинар барысында Назарбаев Университетінің Институционалдық бағалау бойынша бас директоры Dr. Duncan Priestley, Провост Офисінің бас менеджері Айжан Мусина және менеджері Әлия Сүлейменова тақырып аясында баяндама жасап, білім бағдарламаларын қалай дұрыс құрастыру қажеттігі турасында сөз қозғады.

Интерактивті байланыс негізінде жүргізілген жиын аясында академиялық бағдарламаларды құрастырудың негізгі принциптері мен оны тәжірибе жүзінде нақты іске асыру жолдары қарастырылды. Сонымен қатар жиналғандарға бағдарламаны құру барысында жіберілетін басты кемшіліктер туралы айтылып, оны түзету жолдары көрсетілді.

– Бұл семинар жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін үлкен маңызға ие. Осы тақілеттес жиындар сапалы, заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеуге зор септігін тигізеді деп ойлаймыз,  – деп атап өтті Қыздар университетінің Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Еркін Жұманқұлова.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.