Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 8 қараша. Qyzdar Ýnıversıteti Халықаралық менталды-ағартушылық орталығының профессоры Джо Гю Юн Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне арнайы іс-сапармен келді.

Кездесу барысында шетелдік ұйым өкілі MIND-білім беру негізінде адам ресурстарын басқару бойынша Оңтүстік Кореяның тәжірибесі жайында сөз қозғады. Сонымен қатар ол Халықаралық менталды-ағартушылық орталығы мен Қыздар университеті арасындағы ынтымақтастықты дамыту жайына тоқталып, студенттердің тәрбиесіне баса көңіл бөлу қажеттілігін тілге тиек етті.

Оңтүстіккореялық ұйым қызметкерлері алдағы уақытта оқу орнының қабырғасында арнайы білімді игеруде студенттердің саналық деңгейін көтеріп, заманауи адаптациялық потенциалын нығайтуға бағытталған дәрістер өткізуге ниетті екендігін жеткізді.

Өз кезегінде Қыздар университетінің Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Еркін Жұманқұлова екі ел арасындағы ынтымақтастық жайы туралы әңгімелеп, бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласты.

Екіжақты кездесуге сондай-ақ Қыздар университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Қымбат Балажанова, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің мамандары, Халықаралық менталды-ағартушылық орталығының Орталық Азия аймағы бойынша өкілі Пак Сонг Су және ұйымның Алматы қаласындағы филиалының директоры Ким Сун Го қатысты.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.