Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 29 қараша. Баспасөз қызметі – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінің қатысуымен «Елімен етене Елбасы» атты флешмоб акция өтті.

Мерекелік шараға оқу орнының 100-ге жуық білімгері қатысып, Ұлт Көшбасшысына деген ыстық ілтипатын білдірді.

Жиын барысында университеттің белсенді студенттер атаулы күннің мән-маңызына тоқталып өтті.

– Бұл – тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма үш жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 жел­тоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, сан ғасыр­лар бойы киіз туырлықты қазақтың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-ба­ба­лары­мыз­дың тарихи аманаты орындалды, – деп атап өтті білімгерлер.

Сонымен қатар атаулы күнге орай «Тұңғыш Президенттің жетістіктері» тақырыбында жиын өтті. Басқосуда Қыздар университетінің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жаңагүл Сұлтанова, Nur Otan партиясының «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының төрайымының орынбасары Әліби Сағымбекұлы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров, ҰҚК генерал-майоры Амангелді Құрманғалиев, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және археология институты директорының орынбасары Әуезхан Шашаев сөз сөйлеп, Елбасының ерен еңбегі туралы әңгімеледі.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.