АЛМАТЫ. 3 желтоқсан. Баспасөз қызметі – 2019 жылғы 25 – 29 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

 

25.11.2019 – Nur Otan партиясы белгілеген бағдарламалар мен тапсырмаларды жүзеге асыруда жоғары белсенділік танытқаны үшін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ұлағат» бастауыш партия ұйымы үздік деп танылып, бірінші орынға ие болды.

26.11.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінен құрылған «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының құрамы жаңа мүшелермен толықты.

26.11.2019 – Тәуелсіз мемлекет құрудағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің рөлі қандай? «Назарбаев моделінің» ерекшелігі неде? Осы және өзге сауалдар төңірегінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде алқалы басқосу өтті.

26.11.2019 – Білім мен ғылымның қарашаңырағы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрылғанына 75 жыл толып отыр. Осыған орай ертең Алматыда «75 жыл: даралық пен даналық жолы» атты мерейтойлық шара өтеді.

26.11.2019 – Ертең Алматыдағы «Бақшасарай» Қабылдау үйінде «Úkili úmit» қайырымдылық балы өтеді. Оңтүстік астананың мәдени өміріндегі айтулы шара биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

27.11.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова оқу орнының ұжымы мен студенттерін білім ордасының 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.

27.11.2019 – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы мен студенттерін оқу орнының 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.

27.11.2019 – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.

28.11.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері ізгілік педагогикасы бойынша тұжырымдама авторы, өзіндік бірегей әдістемесімен әлемге танылған ғалым Шалва Амонашвилидің қатысуымен өтетін «Зерна» гуманистік педагогика фестиваліне қатысады.

29.11.2019 – Ұлағат ұясына айналған білім мен ғылымның қарашаңырағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 75 жылдық мерейтойы сауапты іске арналды. Парасат пен тағылым мектебінің төл тарихындағы айтулы дата өзгеше форматта ұйымдастырылуымен ерекшеленді.

29.11.2019 – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында шеберлік оқулары өтті.

29.11.2019 – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінің қатысуымен «Елімен етене Елбасы» атты флешмоб акция өтті.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.