АЛМАТЫ. 4 желтоқсан. Баспасөз қызметі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан студенттер Альянсы ұйымдастырған байқауда «Үздік оқу орны» номинациясымен марапатталды.

Жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласында өткен Жастар ісі жөніндегі комитет басшыларының XVI шақырылымы барысында анықталды. Жастар жылы аясындағы сайысқа еліміздің барлық жоғары оқу орындары қатысқан. Байқау нәтижесінде Қыздар университетінің студенттік ұйымдары негізгі талаптар бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Жиынға оқу орнының атынан Аружан Бақытжанқызы қатысып, арнайы жобаны қорғады. Ол Қазақстан студенттер Альянсының «Алғыс хатымен» және арнайы дипломымен марапатталды.

Белсенді студентті білім ордасының ректоры Гаухар Алдамбергенова қабылдап, бұл – барша білімгерлердің, жастар ұйымдарының жетістігі екенін атап өтті.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.