Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 10 қаңтар. Баспасөз қызметі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру орайында өткен жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 87 әлеуметтік-тәрбиелік бағыттағы іс-шара өтіп, 167 ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізілді.

Оқу орнының «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің ақпаратына сүйенер болсақ, оған 3 мыңнан астам адам қатысқан.

Сонымен қатар «Qyzdar Ýnıversıteti» газетінің 2019 жылғы сәуір-мамыр айындағы саны «Рухани жаңғыру» шеңберінде жүзеге асқан жобаларға арналды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында жарық көрген ақпараттық жарияланымдар негізіндегі арнайы жинақ та жарық көрді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығына орай сәуір айында арнайы апталықтар өтіп, әлеуметтік желіде парақшалар ашылды.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti