Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 13 қаңтар. Баспасөз қызметі – 2020 жылғы 6 – 10 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

 

06.01.2020 – 2019 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 65 студенті мен магистранты шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды.

06.01.2020 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 5 ұстазы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.

06.01.2020 – 2019 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті шетелдің 15 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, өзара келісімге қол қойды.

06.01.2020 – Қазақ ұлттық қыздар университетінің «Qyzdar Ýnıversıteti» газетінің жаңа саны жарық көрді. Басылымның жылжабар нөмірінде оқырман назарына 53 материал ұсынылып отыр.

08.01.2020 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, профессор Гаухар Алдамбергенова «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қатысты пікір білдірді.

09.01.2020 «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізген жоғары оқу орындарының бакалавриат білім беру бағдарламаларының рейтингі нәтижесі бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 13 білім беру бағдарламасы алғашқы ондыққа енді.

10.01.2020 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру орайында өткен жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 87 әлеуметтік-тәрбиелік бағыттағы іс-шара өтіп, 167 ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізілді.

10.01.2020 Білім мен ғылымның қарашаңырағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде халқымыздың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына дайындық жұмыстары басталып кетті.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti