Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 14 қаңтар. Баспасөз қызметі – 2020 жылдың 18-20 маусым күндері аралығында Түркияның Нийде қаласында «Ортақ түркі тарихының жазылуы» атты Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы өтеді.

Жетінші рет ұйымдастырылып отырған алқалы жиынның өтуіне бұл жолы Нийде Өмер Халисдемир университеті мұрындық болып отыр.

Дәстүрлі басқосуға мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпус өкілдері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері қатысады деп күтілуде.

Жиынның мақсаты – әлемдегі білім және ғылым саласында түркі әлеміне қатысты зерттеу жасап жүрген ғалымдардың басын қосып, ғылыми бағытта пікір алмасуды қамтамасыз ету, жаңа ғылыми зерттеулерге жол ашып, түркі әлемі әдебиеті мен мәдениетінің кеңеюіне ықпал жасау.

– Басқосуда ғалымдар әлемдік рухани құндылықтар жүйесіндегі Абай мұрасы, тіл, әдебиет, тарих, білім, мәдениет, өнер, байланыс, аймақтық мәселелер, халықаралық қатынастар, бизнес, экономика, дін, философия және құқық салалары бағыттарында пікір алмасып, болашақта түркі әлемінде ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру турасында уағдаласпақ. Сонымен қатар сарапшылар Түркі әлемі және халықаралық саясат, Еуразиядағы энергетика мәселелері, түркі халықтарының  әлеуметтік мәселелері мен аймақтық туризм тақырыптарын талқыламақ. Симпозиум түбі бір түркі халықтарының өзара ынтымақтастығының нығаюын, әлемде бейбітшілік пен тыныштықтың қамтамасыз етілуін көздейді, – деп атап өтті Қыздар университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

Айта кетейік, Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Баку Еуразия университеті және М. Акмулла Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйытқы болуымен Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы алғаш рет 2014 жылғы 18-21 наурыз күндері аралығында Түркияда өткен болатын. Сондай-ақ шара аясында аталған жоғары оқу орындарының студенттерінің қатысуымен «Түбіміз бір Түрікпіз» фестивалі да тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

«Ортақ түркі тарихының жазылуы» атты VII Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумының ақпараттық хатымен мына жерде танысуға болады.

Қазақстан Республикасы тарапынан ұйымдастыру алқасының мекенжайы:

Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 99, Медиа департаменті,  111 каб.

Тел: +7 (727) 2370005,  + 7 (707) 6636919 

E-mail: khan_adil@mail.ru

Əділхан ШОРАБЕК 

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti