Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 14 қаңтар. Баспасөз қызметі – Халықаралық білім күніне орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Білім беру мен тәрбиеге жаңа көзқарас» тақырыбындағы республикалық форум өтеді.

Оқу орны мен ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Кластерлік бюросы бірлесіп өткізетін шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық ұйым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері қатысады деп күтілуде.

Осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған жиынның мақсаты Қазақстанның 2030 жылға дейін тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін 17 басым бағыттағы білім берудің маңызын анықтау, оны кеңінен насихаттау тұрғысында бірқатар маңызды міндеттерді назарға алу. Сондай-ақ кеңес қатысушылары «Педагог мәртебесі туралы» Заңға байланысты пікірлерін ортаға салып, оның мұғалім беделіне әсері төңірегінде өзара пікір алмаспақ.

Форум қатысушылары «Тұрақты даму мақсатындағы білім берудің рөлі», «Ғаламдық азаматтық рухын қалыптастырудағы тәрбие мен білім беру», «Тәрбие беру машығы мен әдістемесінің эволюциясы, тұрақты қоғам құру жолындағы адам қызметін қамтамасыз етудегі оқыту мен білім беру», «Жастардың Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына қосқан үлесі», «Заманауи білім берудегі жас ғалымдар платформасы: жаңа идеялар мен мүмкіндіктер», «4К моделі жағдайындағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің мәселелері» тақырыбындағы панелдік сессиялар жұмыстарына қатысып, өзара пікір алмаспақ.

Еске сала кетейік, Халықаралық білім күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының бекітуімен 2018 жылдың желтоқсан айында қабылданған болатын. Атаулы датаға орай былтыр Қыздар университетінде басқосу өткен болатын.

«Білім беру мен тәрбиеге жаңа көзқарас» тақырыбындағы республикалық форумның бағдарламасын мына жерден көруге болады.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti