Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 14 қаңтар. Баспасөз қызметі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өз жалауын көтерді.

Осымен бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған жарыстың мақсаты – оқу орны ұжымының денсаулығын нығайту, спорттық шеберлігін шыңдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру. 

Спорттың волейбол, шахмат, үстел теннисі, эстафеталық жарыс, дартс, арқан тарту және жүзу сияқты алты түрінен өтетін бәсекеге 10-ға жуық команда қатысып, өзара мықтыны анықтамақ. Атап айтқанда, жарыс кезеңдерінде Әкімшілік-шаруашылық, Педагогика және психология факультеті, Жаратылыстану факультеті, Өнер және мәдениет факультеті, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті, Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті және Физика-математика факультетінің ұжымынан құралған командалар бақтары мен баптарын сынайды.

Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының аға оқытушысы Сәдуақас Шыңғысбаевтың айтуынша, биылғы спорт додасына 100-ден астам адам қатысуда.

Спартакиаданың ашылу салтанатында ұйымдастырушылар университет ұжымының арасында салауатты өмір салтын дәріптеуде осы тақілеттес шаралар зор септігін тигізетіндігін атап өтті.

– Барша азаматтардың денсаулығын нығайту – жарқын болашаққа апаратын алтын сүрлеу десе де болады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында дене шынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттігіне басымдық берген болатын. Қазіргі таңда осы бағытта ауқымды мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Бүгінгідей іс-шара алдағы уақытта да дәстүрден жаңылмай жалғасын таба беретініне сенімдіміз, – дейді ұйымдастырушылар.

Екі күнге созылатын спорт сайыстарының қорытындысы бойынша «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан командалар мен жекелей қатысушылар Қыздар университетінің ректорының Грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti