Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. Баспасөз қызметі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы «Денсаулық» спартакиаданың алғашқы күні арқан тартудан командалар арасындағы кездесулер өтіп, жеңімпаздар анықталды.

Қазақтың ұлттық ойыны төрешілердің бағдарламасы бойынша жүргізілді. Ережеге сәйкес команда құрамындағы 6 қатысушы өзара күш сынасып, ортадағы сызықтан 3 метр қашықтыққа қарсылас топты өз жағына тартып алулары қажет.

– Бабадан балаға мұра іспеттес болып келе жатқан арқан тарту ойыны қатысушылардың күш-қуатын дамытуға, өзара бірлікте еңбектенуге үйретеді. Қара күшке бейімі болғандықтан көбіне ерлер ойыны болып есептелінеді. Аталған сайыстың екі түрі кеңінен тараған. Бірі – ер адамдардың жекпе-жегі де, екіншісі топ болып ойнау. Екі команданың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болып саналады, – деп атап өтті жарыс төрешілері.

Білектің күші сынға түсетін сайыста Жаратылыстану факультетінің ұжымы қарсылас шақ келтірмей, турнир кестесінде бірінші орынға жайғасты. Физика-математика факультетінің оқытушылары ұпай санымен есе жіберіп, екінші орынға тұрақтаса, үшінші орынды Әкімшілік-шаруашылық бөлімі қанжығасына байлады.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti