АЛМАТЫ. 16 қаңтар. Баспасөз қызметі Қыздар университетінде өтіп жатқан «Денсаулық» спартакиадасының аясында ерлер және әйелдер арасындағы шахматтан жарыс мәреге жетті.

Ақыл мен ой сарапқа салынатын бұл спорт түрі бойынша ерлер арасындағы ойында бірінші орынға Өнер және мәдениет факультетінің профессоры Т. Қоңыратбаев ие болды. Физика-математика факультетінің оқытушысы Ө. Әуелбеков екінші орынға табан тіресе, жүлделі үшінші орын Жаратылыстану факультетінің профессоры К. Жайлыбайға бұйырды.

Ал, әйелдер арасында өткен жарыста 1-орынға Жаратылыстану факультетінің оқытушысы Ж. Сыдықова, 2-орынға Физика-математика факультетінің оқытушысы З. Сұраншиева және 3-орынға Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің оқытушысы Ғ. Азимова ие болды.

Жарыс ережесіне сәйкес шахмат ойынына әр командадан бір адам қатысады. Жеңімпаз бәсеке барысында жалпы жинаған ұпай санына байланысты анықталады.

– Шахмат – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да қызықты спорт түрі. Аталған ойынды тақта үстіндегі соғыс деуге де болады. Оны ең алғаш рет біздің заманымызға дейін 1000 жыл бұрын үндістандық математик ойлап тауыпты. «Патшалар ойыны» деп ат қойып, айдар таққан спорттың бұл түрін спартакиада бағдарламасына енгізудегі мақсатымыз – университет ұжымының шахматтан кәсіби шеберлігін шыңдау, олардың арасында дарынды ойыншыларды анықтау, – дейді жарыс ұйымдастырушысы Сәдуақас Шыңғысбаев.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti