АЛМАТЫ. 17 қаңтар. Баспасөз қызметі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы арасындағы үстел теннисінен жарыс қорытындыланды. Дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы аясында ұйымдастырылған сайыс ерлер мен әйелдер арасында жүргізілді.

Бәсекеге 7 команданың әрқайсысынан 1 ойыншыдан қатысты. Қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, үстел теннисі сынды денсаулыққа пайдалы спорт түрін кеңінен дәріптеу мақсатында ерлер арасында ұйымдастырылған жарыс қорытындысы бойынша Өнер және мәдениет факультетінің оқытушысы А. Исин жеңіске жетті. Екінші орынды Жаратылыстану факультетінің деканы Қ. Кішібаев иеленсе, үшінші орынды Физика-математика факультетінің профессоры Ө. Әуелбеков қанжығасына байлады.

Ал, әйелдер арасындағы сайыста бірінші орынға Әкімшілік командасының мүшесі Қ. Балажанова, екінші орынға Жаратылыстану факультетінің қызметкері А. Әбіш, Әкімшілік командасының мүшесі А. Бектұрғанова ие болды.

– Арнайы үстелде шағын ракеткамен ойналатын шапшаңдыққа һәм ептілікке бағытталған спорт түрінің ережесінде сайыскер арнайы допты үстелден тыс жерге асырса немесе қарсыласының алаңына түсіре алмай допты ракеткамен торға ұрса арнайы ұпайға ие болады. Үстел теннисін ойнау қол, көз координациясын жақсартады, ақыл-ойды сергітеді және тактикалық стратегияны дамытады. Сонымен қатар, ұжым бірлігін арттырып, мидың түрлі бөліктерінің жұмысын ынталандырады. Сондықтан да аталған спорт түрін қалың көпшілік арасында таратып, оның бұқаралық сипат алуына ерекше мән берген дұрыс, – дейді шара ұйымдастырушылары.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti