АЛМАТЫ. 17 қаңтар. Баспасөз қызметі Қыздар университетінде өткен дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы шеңберінде суда жүзуден жарыс өтті. «Аққу» жүзу бассейнінде ұйымдастырылған сайысқа оқу орнының оқытушылары мен қызметкерлері қатысып, бақтары мен баптарын сынады.

– Бұл жарыстың басты мақсаты – ұжым арасында спортты жанына серік еткен үздікті анықтау, оқу орнында жүзу спортын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Спартакиада Қазақстан Республикасының жүзу Федерациясы мен Халықаралық жүзу федерациясының регламентіне сәйкес ұйымдастырылды, – дейді Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының аға оқытушысы Сәдуақас Шыңғысбаев.

Қатысушылар спартакиада бағдарламасына сәйкес 50 метр қашықтыққа еркін жүзу тәсілімен қатысып, өзара мықтыны анықтады.

– Суда жүзу – спорттың ерекше әрі пайдасы мол түрі. Жүзу кезінде ағзадағы барлық бұлшық ет қимылға түсіп, шымырлана түседі. Омыртқаның түзу болуына бірден-бір септігін тигізеді. Сондай-ақ, бұл спорт түрі арқылы дене сымбаттылығын сақтап тұруға да болады, – деп атап өтті қатысушылар.

Әйелдер арасындағы жарыс қорытындысы бойынша Физика-математика факультетінің оқытушысы Лаура Байқадамова бірінші орын, Жаратылыстану факультетінің оқытушысы Айман Құлбекова екінші орын, Әкімшілік командасының мүшесі, Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Еркін Нұрсағатова үшінші орын алды.

Ерлер арасындағы сайыста Жаратылыстану факультетінің деканы Қажымұқан Кішібаев бірінші орын, Әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі бөлім қызметкері Олжас Абдуллаев екінші орын және Физика-математика факультетінің деканы Бекболат Ташев үшінші орынды иеленді.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti