АЛМАТЫ. 20 қаңтар. Баспасөз қызметі 2020 жылғы 13 – 17 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

 

14.01.2020 – 2020 жылдың 18-20 маусым күндері аралығында Түркияның Нийде қаласында «Ортақ түркі тарихының жазылуы» атты Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы өтеді.

14.01.2020 – Халықаралық білім күніне орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Білім беру мен тәрбиеге жаңа көзқарас» тақырыбындағы республикалық форум өтеді.

14.01.2020 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өз жалауын көтерді.

15.01.2020 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы «Денсаулық» спартакиаданың алғашқы күні арқан тартудан командалар арасындағы кездесулер өтіп, жеңімпаздар анықталды.

16.01.2020 – Қыздар университетінде өтіп жатқан «Денсаулық» спартакиадасының аясында ерлер және әйелдер арасындағы шахматтан жарыс мәреге жетті.

17.01.2020 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы арасындағы үстел теннисінен жарыс қорытындыланды. Дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы аясында ұйымдастырылған сайыс ерлер мен әйелдер арасында жүргізілді.

17.01.2020 – Қыздар университетінде өткен дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы шеңберінде суда жүзуден жарыс өтті. «Аққу» жүзу бассейнінде ұйымдастырылған сайысқа оқу орнының оқытушылары мен қызметкерлері қатысып, бақтары мен баптарын сынады.

17.01.2020 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Информатика» мамандығының студенттері қысқы демалыс кезеңінде өздері білім алған мектептерде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізуде.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti