АЛМАТЫ. 23 қаңтар. Баспасөз қызметі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Эффективные техники развития  основных языков навыков на уроках  английского языка» тақырыбында семинар өтті.

Жоғары оқу орындарының ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен ұйымдастырылған жиынды «Oхford University Press» баспасының Оксфорд мұғалімдер академиясының жаттықтырушысы Мартин Кортис жүргізді. Семинарда «Oхford University Press»  баспа өнімдері таныстырылып, ағылшын тілі пәні сабағын өткізудегі тиімді әдістемелік техникаларды қолдану мүмкіндігі айтылды.

– Біздің компания халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру мекемелеріне сапалы оқулықтар ұсынады. Сонымен қатар семинарлар өткізу арқылы оқытушылардың сұранысы мен біліктілігін арттырып, оларды тұрақты қолдау арқылы шет тілдерін оқытудың сапасын жақсартуды мақсат тұтамыз. Алдағы уақытта компания Қыздар университетінің Ғылыми кітапханасымен бірлесіп шет тілі мұғалімдеріне осы тақілеттес семинарлар ұйымдастыруды  дәстүрге айналдыруды көздеп отыр, – деді өз сөзінде Мартин Кортис.

Айта кетейік, «InterPress Distribution» компаниясы Оксфорд халықаралық баспасының шет тілдерін үйрену үшін оқу-әдістемелік материалдардың ресми және эксклюзивті дистрибьюторы.

Компанияның негізгі қызметі шет тілдерін үйренгісі келетін азаматтардың халықаралық стандарт талаптарына жауап беретін және тілдерді оқытудағы тілдік құзыреттілік талаптарына сай сапалы әдебиеттермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Семинар соңында қатысушыларға «Oхford University Press» баспасы атынан  сертификаттар берілді.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti