АЛМАТЫ. 20 мамыр. Баспасөз қызметі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің әлеуметтік бес басым бағыты не? Білім ордасының жоғары оқу орындарынан ерекшелігі неде? 21 мамыр күні Қыздар университетінде осы және өзге де сауалдарды қамтыған жиын өтеді.

Онлайн басқосуда Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Дильяра Надирханова «Қыздар университеті студентінің бір күні», «Ұлпан» асханасының директоры Үміт Жүнісалиева «Аптасына 7 күн, күніне 3 мезгіл», Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушы Мақсұтқан Шыныбаев «Университеттің спорт клубтары», «Сән әлемі» орталығының жетекшісі Ұлжан Алашабаева «Стиль сәнге қарағанда маңызды» және Студенттер үйінің студенттік кеңес мүшесі  Гүлбану Диханбаева «Университет жатақханаларының тыныс-тіршілігі» тақырыптарында танымдық ақпараттарымен бөлісіп, осы бағыттарда кеңінен мәліметтер бермек.

Айта кетейік, «Қыздар университетінің әлеуметтік бес басым бағыты» атты жиын Zoom платформасында ұйымдастырылады.

Идентификациялық нөмірі: 687 903 0376.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti