АЛМАТЫ. 21 мамыр. Баспасөз қызметі 21 мамыр – Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бүгінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 60-тан астам мәдениет саласының маманы еңбек етеді. Олардың қатарында «Халық әртісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», «Мәдениет саласының үздігі» және «Мәдениет қайраткері» атақтарының иелері бар.

Сонымен қатар оқу орнында «Айгүл» вокалды аспаптар ансамблі, «Ұлар» этно-фьюжн ансамблі, «Томирис» би ансамблі, студенттік хор, «Жансарай» жастар театры, «Тек қана қыздар» көңілді тапқырлар клубы және тағы да басқа өнер ұжымдары қызмет көрсетеді.

Атаулы датаға орай Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.

«Құрметті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің мәдениет және өнер саласының қызметкерлері! Қымбатты ұстаздар! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер елді­гі­міз бен ұлттық руханиятымыздың басты нышаны – өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы бабадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер.

Халқымызда «Өнер – ұлттың жаны һәм өзегі» деген ұлағатты сөз бар. Кез келген мемлекет өнерімен, мәде­ниеті­мен танылып, бағаланатыны анық. Демек, сіздер, өз өнерлеріңізбен елдің рухын кө­теріп, адамзат баласына шексіз қуаныш, зор мақтаныш сый­лай­сыздар. Ұлтымыздың мәдени талғамы мен танымын қа­лып­тастырып, елі­міз­дің әлеу­меттік-ру­ха­ни құндылықтарын әлем­ге паш етесіздер.

Білім мен ғылымның қастерлі қарашаңырағы атанған ордалы оқу орнында білікті де білімді мамандар даярлаудағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс, зор денсаулық, сарқылмас шабыт тілеймін!» – делінген университет басшысының құттықтауында.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti