АЛМАТЫ. 22 мамыр. Баспасөз қызметі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары арасында ұйымдастырылған «Үздік ғалым» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Алғаш рет жүргізілген рейтинг нәтижесі ғалымдардың гранттық қаржыландыру бойынша жобаларды орындауы, индекстелетін журналдардағы жарияланымдары, қорғауға алынған құжаттары, жарық көрген монографиялары, «ЖОО-ның Үздік оқытушысы» атағын алғандар, стартап жобалары, халықаралық және республикалық конференцияларды өткізу мен шетелдегі ғылыми шараларға қатысуы сынды критерийлер бойынша шығарылды.

Сонымен қатар олардың қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы жарияланымдары, семинарлар өткізуі, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік етуі де назарға алынды.

Байқау нәтижесі бойынша Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры Жарқынбике Сүлейменова үздік көрсеткішке қол жеткізіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға География және туризм кафедрасының профессоры Күләш Мамырова лайық деп танылса, үшінші орын Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ақгүл Жұбандықоваға бұйырды.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің үздік 50 ғалымының тізімін мына жерден көре аласыз.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti